Романның алғашқы тарауы – 1992 жылы жазылып, соңғы нүктесі 2012 жылы қойылған. Сырым батыр бейнесі мен сол дәуірдің қайшылықты оқиғалары туралы баяндалған "Тар кезең" тарихи романына 2014 жылы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Кітаптың тұсаукесеріне филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омарұлы, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, публицист және аудармашы, Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин және танымал ағылшын аудармашысы Саймон Холлингсуорт, ақын Ұлықбек Есдәулет, "Егемен Қазақстан" РГ" ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы сынды бірқатар зиялы қауым өкілдері және студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы Р.Акутагаева, С.Моэм, Ги де Мопассан, Д.Фонвизин, басқа да шетелдік қаламгерлердің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Жазушыға 2002 жылы Байғанин ауданының құрметті азаматы атағы берілді. 2003 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.