Ғимараттардың шатырынан қардың түсу қаупі төнген кездегі негізгі ұсынымдар мен сақтық шаралары:
- қар түсуі мүмкін үйлердің шатырына жақындамаңыз, мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз;
- көліктерді шатырына мұз қатқан және қар тұрған құрылыстарға жақын қалдырмаңыз;
- қауіпті жердің қоршауы болған кезде қоршаудан өтіп кетпеңіз, қауіпті жерлерді басқа жолмен айналып өтіңіз;
- құлаққаптарды қолдаңбаңыз, себебі төбеден құлап жатқан қардың шуын естімейсіз.
"Егер табанжолмен жүріп бара жатқанда сіз төбеде күмәнді шу естіген болсаңыз – тоқтамаңыз. Бәлкім, бұл қардың немесе мұздың құлауы болар. Ғимараттан қашуға да болмайды. Тезірек ғимараттың қабырғасына жақындап тұрыңыз, шатырдың күнқағары бүркеме қызметін атқарады", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу