Ту-154 әуе апатының құрбандары арасынан Елизавета Глинканың денесі анықталды

1016

Ту-154 әуе апатының құрбандары арасынан Елизавета Глинканың денесі анықталды

Сочи жағалауынан табылған Ту-154 ұшағының апаты құрбандары арасынан көпшілікке Доктор Лиза атымен танымал Елизавета Глинканың денесі анықталды, деп хабарлайды РИА Новости агенттігіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

"Оны анықтады, жерлеу шамамен дүйсенбіде өтеді", — деп хабарлады агенттікке дереккөз.

2016 жылғы 25 желтоқсан күні таңертең Мәскеуден Сирияға ұшқан Қорғаныс министрлігінің Ту-154 ұшағы Қара теңізде апатқа ұшырады.  Ұшақтың бортында 93 адам – сегіз экипаж мүшесі мен 85 жолаушы, олардың ішінде сегіз әскери қызметкер, Александров атындағы ән және би ансамблінің 65 әртісі болған. Олар РФ ӘҒК-нің әуе тобын Жаңа жылмен құттықтау үшін Сириядағы Хмеймим әуе базасына ұшып бара жатқан.

Сонымен қатар, жолаушылар арасында БАҚ-тың тоғыз өкілі, "Әділетті көмек" қайырымдылық қорының басшысы, Доктор Лиза деген атпен белгілі Елизавета Глинка, екі федералдық мемлекеттік қызметкер болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу