Туабітті науқасқа шалдыққан бозбалаға ота жасалды

1032

Туабітті науқасқа шалдыққан бозбалаға ота жасалды

Елімізде тұңғыш рет саңыраулардың есту қабілетін қалпына келтіретін ота жасалды. Соның арқасында туғанынан науқасқа шалдыққан бозбала дертінен айықты, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Мұндай операцияларды Америка мен еуропа мамандары 50 жылдан бері қолданып келеді. Жаңа технологияның арқасында керең болып туылған 800-ден астам балаға алғаш рет ата-анасының дауысын, жылы лебізін есту бақыты бұйырмақ.

17 жастағы Рамазан әлі күнге дейін ата-анасының дауысын естімеген. Туа бітті науқасқа шалдыққандықтан жақындарымен тек ымдап қана сөйлеседі. Алайда  енді бозбаланың тағдыры түбегейлі өзгеруі мүмкін.

"Түркістан қаласынан келіп отырмыз. Шақырту бойынша 3 жылдан бері осында келіп қаралып жатырмыз. Баланың құлағының туылғаннан осындай. Соны емдетуге келіп отырмыз",- деді Рамазанның әкесі Ғафур Жорабайұлы.

Мамандардың айтуынша елімізде мұндай отаға мұқтаж жандар жетерлік. Оның ішінде балалар да бар.

"Елімізде құлағында кемістігі бар 800-ден астам бала бар. Оның біреуінің жасы 17-де. Олардың аздаған бөлігі ғана осы мәселені көтеріп дабыл қағады", - дейді аурухананың орталық меңгерушісі Айгүл Медеулова.

Есту қабілеті нашар науқастардың құлағының артындағы сүйекке арнайы имплантант бекітіледі. Ол дыбыстарды миға жеткізу қызметін атқарады. Мұндай ота елімізде тұңғыш рет Рамазанға жасалды. Шеберлік сыныбын өткізу үшін Голландиядан дәрігер маман шақыртылды.

"Имплантанттың артықшылықтары көп. Қауіпсіз әрі ота бар болғаны 30 минутқа созылады.  Хирургтар тез үйреніп алады. Сонымен қатар имплантант шағын болғандықтан көрінбейді. Әрі науқас  осы уақытқа дейін естімей келген дыбыстарды есту мүмкіндігіне ие болады", - дейді хирург  Ян Ледер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу