Туберкулезге шалдыққандарға берілетін төлемақы көлемін ұлғайту ұсынылды

867

Бұған дейін аталған көмек азық-түлік және жолақы билеті түрінде берілетін. Енді оны ақшалай беру мәселесі қаралды.

Туберкулезге шалдыққандарға берілетін төлемақы көлемін ұлғайту ұсынылды

Елордада туберкулезбен ауыратын жандарға азық-түлік және жолақысына берілетін төлемақыны ақшалай беру ұсынылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Артем Әбілдинов туберкулезге шалдыққан жандарға берілетін төлемақы көлемін 14 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды.

"Қалалық туберкулезге қарсы диспансердің бастамасы бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының ұсынысымен туберкулезбен ауыратын жандарға төлемақыны ақшалай беру мәселесі қаралды. Бұған дейін аталған көмек азық-түлік және жолақы билеті түрінде берілетін. Ай сайын берілетін төлемақының көлемі 10 АЕК (25 250 теңге) құрайтын болады, бұл бұрынғыға қарағанда жоғары, яғни науқастардың өз мәселесін шешуге мүмкіндік береді", – деді Артем Әбілдинов қалалық қоғамдық кеңес отырысында.

Басқарманың дерегіне сүйенсек, қала бойынша аталған ауруға шалдыққан 550 адам азық-түлікпен қамтылады және  әр адам үшін 5938 теңге жұмсалады. Және жолақы билетімен 310 адам қамтылған, бір айлық жолақының құны 7500 теңге. 

"Яғни бұған дейін бір адамға орташа есеппен 14 мың теңге жұмсалатын. Ендігі уақытта соны ақшалай түрде беріп, оның көлемін 25 250 теңгеге өсіру ұсынылуда", – ­деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу