"Түбіртек жинап, жүлде ұтып ал!" акциясының жеңімпазы автокөлік ұтып алды

1539

Тағы екі қатысушы теледидар мен планшетке ие болды.

"Түбіртек жинап, жүлде ұтып ал!" акциясының жеңімпазы автокөлік ұтып алды

Алматы облысының тұрғыны 360 мың теңгенің түбіртегін жинап, автокөлік ұтып алды. Тағы екі қатысушы теледидар мен планшетке ие болды, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгін мемлекеттік кірістер департаменті "Түбіртек жинап, жүлде ұтып ал!" шарасының қорытындысын шығарды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан акция ең алдымен көлеңкелі экономиканың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар халықтың салықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетті арттыруды көздейді.

Биыл акция 21 мамырда басталған еді. Оған 30 мыңнан аса адам қатысып, мемлекеттік кірістер органдарына 2 милионнан аса фискальды түбіртек жіберген. Жеңімпаздар арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы кездейсоқ анықталды.

"Бұл шара келісі жылы да жалғасады. Ай сайын өткізсек деген жоспарымыз бар. Жүлде қорын толықтыруды да көздеп отырмыз.  Алдағы уақытта жүлдені бірден беретін ұтыс түрлерін енгізсек дейміз", – дейді , ҚР ҚМ МКД төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу