"Туған Елге Саяхат" балалар туристік пойызы жолға шығады

2252

Пойыз бағдарына Нұр-Сұлтан, Байқоңыр, Тараз, Алматы және Балқаш қалалары кіреді, саяхат тоғыз күнге жоспарланған.

"Туған Елге Саяхат" балалар туристік пойызы жолға шығады

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған "Туған Елге Саяхат" балалар туристік пойызының алғашқы сапары басталады. Балалар елордаға жиналып, еліміздің әдемі тарихи орындарына саяхатқа аттанбас бұрын, қызыққа толы екі күн өткізеді.

Пойыз бағдарына Нұр-Сұлтан, Байқоңыр, Тараз, Алматы және Балқаш қалалары кіреді, саяхат тоғыз күнге жоспарланған.

Айта кетсек, "Туған Елге Саяхат" жобасын 2016 жылдан бері Samruk-Kazyna Trust" әлеуметік жобаларды дамыту қоры мен "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның "Әлеуметтік жобалар қоры" КҚ бірлесіп жүзеге асыруда. Жобаға "Самұрық-Қазына" АҚ-ның шалғай өңірлерде орналасқан өндірістік кәсіпорындары мен зауыт жұмысшыларының, қазақ диаспорасы өкілдерінің балалары және шығармашылық байқау жеңімпаздары қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу