"Туған күнім екені сезіліп жатқан жоқ": Баян Мақсатқызы 50 жасын ұшақта қарсы алды

5876

Продюсердің өнердегі әріптестері мен оқырмандары жарыса құттықтап жатыр. 

"Туған күнім екені сезіліп жатқан жоқ": Баян Мақсатқызы 50 жасын ұшақта қарсы алды Фото: instagram.com

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы 50 жасқа толды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Туған күнім екені сезіліп жатқан жоқ. Жаңа жасымды ұшақта қарсы алдым. Одан кейін жұмысқа кірісіп кеттім. Күнделікті өмір өтіп жатыр. Күндер мен айлар кезектесіп өтіп жатыр. Ертең тағы бір жаңа күн басталады. Туған күнге бола өмірдің бір күнін ерекшелеп айтудың қажеті жоқ. Өйткені өмірдің әр күні керемет. Туған күнім қарсаңында, су жаңа фотом да жоқ, елдің бәріне соңғы берген сұхбатым ұнап жатқан көрінеді. Сол үшін ескі фотомды жарияладым”, – деп жазды продюсер. 

Отандық шоу-бизнесте оқырманы көп өнер иесін желі қолданушылары туған күнімен құттықтап жатыр. 20 жылдан бері дос болып келе жатқан Динара Сәтжан ерекше жазба жарияласа, продюсердің сүйікті әншісі Айгүл Иманбаева ескі фотоларын бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу