"Туған күніне сыйлық жасағысы келген": Астана маңында құлаған жеңіл ұшақта 3 баланың анасы болған

709

43 жастағы Диана Ахметова туған күнінде өзіне сыйлық жасағысы келген екен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Туған күніне сыйлық жасағысы келген": Астана маңында құлаған жеңіл ұшақта 3 баланың анасы болған Фото: inbusiness

NewTimes.kz басылымының жазуынша, 16 тамызда туған күнін атап өткен әйел келесі күні сағат 17:00-ге ұшуға жазылған.

Ұшу Диана Ахметованың көптен бергі арманы болғандықтан, ауа райына байланысты ұшпай қалудан алаңдаған. Алайда сол күні жеңіл ұшақ әуеге көтеріліп, Төңкеріс ауылының маңында апатқа ұшыраған.

Диананың артында 19 жастағы қызы мен 12 және 14 жастағы екі ұлы қалды. Былтыр балалар әкелерінен айырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу