Туған қызын екі жылдан бері зорлап келген әке 20 жылға сотталды

543

Оқиға Алматы қаласында болған.

Туған қызын екі жылдан бері зорлап келген әке 20 жылға сотталды

Алматыда туған қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті полицияға сілтеме жасап.

ҚК 120-бабы 4-бөлігімен тіркелген қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеді.

Іс жүргізу материалдарында 1979 жылы туған М. есімді азамат 2021 жылдан бері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсіп, моральдық зиянмен қоса денсаулығына да зиян келтіргені анықталды.

Екі жылдан кейін қыз бала бұл жайында анасына айтып берген. Ол өз кезегінде полицияға арызданды. М. дереу уақытша ұстау изоляторына қамалды. Содан кейін сот оны қамауға алу жөнінде санкция берді.

"Күдіктінің кінәсі бірқатар сараптама нәтижесімен, жәбірленуші қыздың түсініктемесімен және тергеу арқылы дәлелденді", - дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

2023 жылғы 16 тамызда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. ҚК 120-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу