"Түгел жуып жатырмыз, бәрі қан": Бишімбаевтың үйін тазалаушы апай

960

Прокурор сотта Бақытжан Байжановтың телефонындағы хаттарды оқыды. 

"Түгел жуып жатырмыз, бәрі қан": Бишімбаевтың үйін тазалаушы апай Фото: zhogrgy_sot

Былтыр 18 наурызда "Гүлшара апай" есімді нөмірден Байжановқа "түгел жуып жатырмыз, бәрі қан. Мынау Каримнің (Бишімбаевтың ұлы) бөлмесі сияқты, ол жаққа не үшін барды екен?

Матрасты кетіргенше жуыпты, сосын төңкеріп салып қойдық. Барғанда қарайсыз ғой. Кілемдерді жууға бермесе болмайды дейді. Мына тоқтар ашық екен, изолентамен орамаса, тоқ соғып кетер" деген хат келген.

Онда суреттер де жіберілген. Байжановтың айтуынша, ол Бишімбаевтың пәтерінде болған.

Байжанов Гүлшара деген әйелді "үй тазалаушы" деді.

Бишімбаевтың адвокаты экс-министрден қан туралы сұрады. Бишімбаев "ыдыс, әйнек сынып, оны басып кеттім, аяғымда үлкен тыртық бар. Каримнің бөлмесіне мен жаттым, сондықтан кілемде із қалған" деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу