Тұғылықты жері жоқ 5500 адам анықталды

606

Олардың 107-сі бұрынғы қылмыстары үшін бой тасалап жүрген. 

Тұғылықты жері жоқ 5500 адам анықталды

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі жөнінде брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз "Қаңғыбас" ауқымды алдын алу шарасы туралы сөз қозғады. Тұрақты тұратын жері жоқ азаматтарды мен құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған бұл шара аясында 5500 адам бақылауға алынған. 

"Өткен аптада Ішкі істер министрлігі "Қаңғыбас" ауқымды алдын алу шарасын өткізді. Бұл шара тұрақты тұратын жері жоқ, кезбелікке салынып өмір сүретін азаматтардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Операция нәтижесінде 5 500 адам анықталып, олардың қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоқтығы ортақ ақпараттық база арқылы тексерілді. Екі күн ішінде полиция қызметкерлері осы бағыттағы 55 қылмысты ашты. Бұрынғы қылмыстары үшін жасырынып, бой тасалап жүрген 107 азамат ұсталды", – деді ол. 

Бұған қоса, шара барысында жоғалып кеткендердің санатында жүрген 72 адам табылған. 

"Мәселен, Алматы облысы Іле ауданында 2009 жылдың қазан айынан бері із-түзсіз жоғалып кеткен азамат табылды. Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 2012 жылы мегаполисте қарулы топпен 3 адамды өлтіру қылмысына қатысы бар күдіктіні қолға түсірді. Павлодарлық полицейлер 2012 жылы Ресей Федерациясының Омбы облысында тонау жасаған күдіктіні ұстады", –деді ІІМ-нің ресми өкілі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу