Түйе шаруашылығы тартымды бола бастады

1037

Ұсақ мал басын көбейтуге ерекше назар аудару қажет.

Түйе шаруашылығы тартымды бола бастады

Премьер-министр Асқар Мамин ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа мал шаруашылығын дамытуға қатысты тапсырма берді. 

"Үкімет мал шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті болуына және экспортты ұлғайтуға баса назар аударады. Қайта өңдеуші ірі кәсіпорындардың, соның ішінде экспорт процесіне жергілікті өндірушілердің қатысуына мүмкіндік беретін шетелдік инвесторлардың қатысуымен құрылған кәсіпорындардың айналасындағы кооперация ерекше басымдыққа айналуға тиіс. Мұның табысты үлгісі ретінде Түркістан облысындағы түйе сүтін өңдеу зауытын айтуға болады. Инвестордың шикізатты тартымды бағамен сатып алуының арқасында сүтке сұраныс артып, түйе шаруашылығы қарқынды дами бастады. Бір түйенің құны ел бойынша 2 есеге өсті. Бұл сала тартымды бола бастады", – деді үкімет басшысы. 

Асқар Маминнің мәлімдеуінше, мал шаруашылығының басқа салаларында да кооперацияны дамыту қажет. 

"Ұсақ мал басын көбейтуге ерекше назар аудару қажет. Сыртқы нарықтағы қой етіне сұраныстың жоғарылығы мен өндірістің өзіндік құнының арзандығын ескеру керек. Бұл экспортты дамыту үшін қолайлы жағдай", – деді үкімет басшысы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу