Ақтөбеліктер сырттан жеткізілетін тауық еті, балық және сүт өнімдеріне түбегейлі шектеу қоюды ұйғарды. Есесіне, өңірде шағын фермалар санын арттырудың жолы қарастырып жатыр. Мақсатты орындауға облыстық бюджеттен 4 млрд теңге бөлген. Әкімдік есебіне қарағанда, Ақтөбе облысында жылына 124 мың тонна ешкі сүті, 3,5 млн дана бөдене мен түйе құс жұмыртқасы және 4,5 мың тонна қоян еті өндіріледі. Дегенмен, көрші ел - Ресейден де өнім алынады екен. Әрине, импорт бағасы жоғары. Сондықтан отандық өндірісті дамытуға тағы қосымша қаржы көзі қарастырыдып жатыр. Ал әзірге бөлінген субсидияға фермерлер 60 мың қаз, 50 мың үйрек, 17 мыңға таяу бөдене және 4 мың қоян көжектерін сатып алған.
Панабек Бимұратов, Ақтөбе облыстық мал шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: "Қазір ешкінің 1 литр сүті 60 теңгеден тұрады. Әрине, табыс көзін еселеуге болады. Тіпті әкімдік бал арасының ұясын еселеуге де қаржы бөліп отыр. Сондықтан келер жылдан бастап, Ақтөбе облысына кіргізілетін импорт саны 50% азаймақ."