25 кеншінің өміріне қауіп төндірген шахтаның жұмысы тоқтатылды

464

Анықталған бұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына қайтымсыз әсер етуі мүмкін және нақты құлау қаупін тудырды.

25 кеншінің өміріне қауіп төндірген шахтаның жұмысы тоқтатылды Фото: canva.com

Қарағанды және Павлодар облыстарында орын алған қайғылы оқиғалардан кейін облыс аумағында ұқсас фактілерге жол бермеу мақсатында Алматы облысының прокуратурасы Кеген ауданындағы "Тұйық" қорғасын кен орнының ұңғымада (бұдан әрі - шахта) тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу деректерін анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Тексеру барысында шахта бекіністерінің деформациясы мен зақымдануын, шатыр мен борттар бойынша тау массасының бөліктерінің қатып қалуы, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқу және бекіту материалының паспорттарының және өзге де орындаушылық құжаттаманың болмауы анықталған.

Анықталған бұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына қайтымсыз әсер етуі мүмкін және нақты құлау қаупін тудырды", - делінген Алматы облысы прокуратурасының  хабарламасында.

Осыған байланысты, прокуратураның үйлестіруімен Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен жер қойнауын пайдаланушыға қатысты ӘҚБтК-нің 298-бабымен (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзу) әкімшілік іс қозғалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Сонымен қатар МАЭС шешімімен ықтимал теріс салдарларды болдырмау мақсатында шахтаның қызметі анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу