Тұқым өткізушілерге шаруалар үшін облыс әкімдіктері төлейді

2478

Егін жинаған соң шаруалар элиталық немесе бірінші репродукциялы тұқым құнының 30%-ын нормаға сәйкес арнайы ұйымға қайтарады.

Тұқым өткізушілерге шаруалар үшін облыс әкімдіктері төлейді

Биылдан бастап тұқым шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тетігі іске қосылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтановтың сөзінше, қазір себілетін тұқым қорын әзірлеу жұмыстары пысықталуда, деп хабарлайды abctv.kz.

"Жаңашылдыққа сәйкес, элиталық тұқым өндірушілер, тұқым шаруашылықтары немесе оны өткізушілер тұқымды шаруаларға күзге дейін бастапқы жарнасыз және төлемді кейінге қалдыра отырып береді. Олардың шығындарын толықтай облыс әкімдіктері өтейді. Егін жинаған соң шаруалар элиталық немесе бірінші репродукциялы тұқым құнының 30%-ын нормаға сәйкес арнайы ұйымға қайтарады", – деді департамент директоры.

Сонымен қатар, жүгері, қант қызылшасы, рапс, күнбағыс, мақта, жеміс-жидек дақылдарын, жүзімнің элиталық көшеттерін сатып алған шаруалардың шығындары ішінара (50 пайызы) өтеу жолымен субсидияланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу