Тұқым шаруашылығының 72 пайызы отандық өнім

232

Қазақстанда тұқымның 72% немесе 1,74 млн тонна отандық тұқым өндірушілердің есебінен қамтамасыз етіліп отыр. 

Тұқым шаруашылығының 72 пайызы отандық өнім Фото: canva.com

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жыл сайын ел аумағында 23,3 млн гектар алқапта ауыл шаруашылығы дақылын өсіру үшін 2,4 млн тонна тұқым қажет. Бүгінде тұқым қажеттілігінің 17% немесе 400 мың тонна аттестатталған тұқым өндірушілер арқылы, 11% немесе 260 мың тонна импорт есебінен қамтамасыз етілген. Қалған 72% немесе 1,74 млн тонна отандық тұқым өндірушілердің есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Осылайша, елімізде тұқыммен қамту көрсеткіші 89 пайызды құрайды", – деді ол.

Осылайша, вице-министр отандық тұқым себу үлесін 53 пайызға теңеді.

Одан әрі министрдің орынбасары тұқым шаруашылығындағы басты мәселелерге тоқталды.

"Біріншіден, тұқым импорты жылдан жылға өсіп келеді, мысалы, 2018 жылы 57 мың тонна болса, қазір 270 мың тоннаға жетіп отыр. Тұқым шаруашылығын субсидиялаудың жетілмегендігі мен жеткіліксіздігі біздің басты проблемаға айналып отыр. Сонымен қатар, тұқым шаруашылығы субъектілерінің ашық болмауыда мәселе туындатады", – дейді министрдің орынбасары.

Айта кетсек, осы жиында Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев Алматының апорт алмасы мен қызғалдақты ресми түрде отандық мақтаныш, бренд етіп бекітуді ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу