ТҮҚЖБ салымшылары "Қазпочта" арқылы тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады

1011

ТҮҚЖБ салымшылары "Қазпочта" арқылы тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары "Қазпочта" арқылы тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Қызылорда филиалы бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Бану Ержанова мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Енді облыстың кез-келген тұрғыны банк ғимаратына келмей-ақ, "Казпочта" арқылы депозит ашу және толықтыру, несие төлеу секілді қызмет түрлерін артық төлемдерсіз жүзеге асыратын болады.
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшісі ретінде "Казпочта" АҚ-ның бірлесе жұмыс жасауы банк клиенттеріне қызмет түрін пайдалануға қолайлы жағдай жасайды. Бұл аудан мен ауыл тұрғындары үшін ыңғайлы болмақ. Кызылорда облысына қарасты аудандарда жалпы саны 36 бөлімше автоматтандырылған, яғни банк операцияларын орындауға дайын, Қызылорда қаласында қазіргі таңда 4 бөлімше осы бағдарлама бойынша жұмыс жасауда", - деді баспасөз конференциясында Бану Ержанова.
"Казпочта" АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Салтанат Есболғанқызының айтуынша, қала, аудан, ауыл орталықтарындағы бөлімшелерде жұмыс жасайтын операторлар банк бағдарламаларымен таныстырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу