ТҮҚЖБ салымшылары үшін Шымкентте 40 көпқабатты үй салынады

1024

Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

ТҮҚЖБ салымшылары үшін Шымкентте 40 көпқабатты үй салынады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін Шымкент қаласында 2 500 пәтерден тұратын 40 үй салынады, деп хабарлайды ТҮҚЖБ баспасөз қызметі.

Бүгін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісімге сәйкес, жалпы аумағы 150 мың ш.м болатын нысандар салынатын болады. Тұрғын үйлер құрылысы қаланың екі бірдей жаңа ауданында, атап айтқанда Shymkent City мен "кімшілік-іскери орталықта жүреді. Мұндағы тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің бағасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері үшін 140 000 теңгені құрайды.

"Алғашқы 598 пәтерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері осы жылы ала алады, осы мақсатта қаланың жаңа әкімшілік-іскери орталығында 11 тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс салушы бұл нысандарды 2018 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. "Нұрлы жер" бағдарламасына қатысып, ол бойынша үй алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта 20% көлеміндегі бастапқы жарнаның болуы жеткілікті. 1 бөлмелі пәтердің бағасы 5,6 млн теңге деп алсақ, депозитте 1,1 млн теңге жинау керек. Осыдан кейін банк 5% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген заем береді", - деп Ләззат Ибрагимова мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарын түсіндіріп өтті.

Қалған 1 880 пәтердің құрылысы мен пайдалануға берілуі 2019 жылға жоспарланып отыр. Жаңа үйлер Shymkent City ауданында пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу