Түлектерді сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін дамыту қажет

753

Үкімет басшысы Асқар Мамин осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түлектерді сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін дамыту қажет

"Университеттерге заң жүзінде академиялық және басқару дербестігі берілді. Маман даярлаудың сапасын одан әрі арттыру үшін жоғары оқу орындарының жауапкершілігі тетігін енгізу қажет. Білімді сапасыз берген 15 университет жабылды. Студенттердің білімін тексеру арқылы оқыту нәтижесіне қойылатын біліктілік талабы қайта қаралды", – деді Асқар Мамин. 

Премьер-министр жоғары оқу орындары түлектерінің білімі заман талабына сай болуға тиіс екеніне тоқталды. 

"Еңбек министрлігі мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы маман даярлау сапасына негіз болатын жаңа кәсіптік стандарттарды жаңарту және әзірлеу бойынша жұмысты жандандырсын. Түлектерді сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін дамыту, Ұлттық біліктілік жіктегішін жаңарту қажет. Пандемия қашықтан оқыту форматын дамытудың жоғары оқу орындары үшін де маңыздылығын көрсетті. Сондықтан бұл бағытты заң жүзінде реттеу қажет", – деді Асқар Мамин. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу