Түлектердің 15 пайызы ҰБТ-дан сүрінді

646

Түлектердің 15 пайызы ҰБТ-дан сүрінді

Биыл ұлттық біріңғай тест тапсырған түлектердің 15 пайызы сынақтан өте алмай қалды. Ал ең жоғарғы ұпайды – 140 сұрақтың ішінен 139-на дұрыс жауап берген Алматылық Саят Тасан есімді талапкер жинаған. Тест барысында 85 446 тыйым салынған зат, оның ішінде 43 394 электронды құрылғы, 42052 шпаргалка тәркіленген. Ал ҰБТ ережесін бұзған 12 түлекті байқаушылар залдан шығарып жіберіпті. Биыл өзгеше форматта өзткізілген тест қорытындысы жайлы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтып берді.

Рамазан Әлімқұлов ұлттық тестілеу орталығының директоры:

"74517 кісі шекті деңгейден жоғары алды. Қалғаны төмен болды. Жаңа ерекше бойынша, былтырдан бастап тамыз айында олар қайта тапсырады. Тапсыра алмаса, ендігі жылы қаңтарда қайта тапсыра алады."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу