Түлектерге тегін гранттар берілмек

1371

Түлектерге тегін гранттар берілмек

Екі қолға – бір күрек. Ақтөбеде биылғы жылы 5,5 мың мектеп тулектері жергілікті колледждерге тегін қабылданбақ. Алайда облыстық және республикалық бюджет есебінен қарастырылған гранттар тек жұмысшы мамандығын таңдаған жастарға берілетін болады. Өйткен жағдайда студенттердің тегін жатын орны да болады, 16 мың теңге көлеміндегі ай сайынғы стипендиясы да төленеді. Ал экономис немесе заңер болам деушілер оқуын өз қалтасынан төлейтін болады. Облыстық білім беру басармасы мен Аймақтық кәсіпкерлер Палатасы бірлесе өткізген сарапамаға сәйкес, егер үстіміздегі жылы аталған бала санын колледждерге қабылдамаса, алдағы үш жылда ақтөбелік жұмыс берушілер 7 мың жұмысшыға зәру болады. Бүгінде өңірдегі 24 мемлекеттік және 9 жеке арнайы орта оқу орындары жұмысшы мамандығын таңдаған жастарды ауылшаруашылық, құрылыс, қоғамдық тамақтану немесе қызмет көрсету саласының маманы қылып шығаруға әзір.

"1085 адамға республикалық мемлекеттік тапсырыс бюджеттік беріліп жатыр. Ал 4400 оқушыға осы Ақтөбеден өңірлі бюджеттен тапсырыс беріліп жатыр. Енді барлық бағдарламалар жұмыс жасауда. Жұмысшы мамандықтардың ішіне қарасақ, соның ішінде 31 жұмысшы мамандығына олармен бірге тегін стипендия алады"- дейді Ақтөбе политехникалық колледжі қабылдау комиссиясының хатшысы Ғалия Орынғалиқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу