Түлектері жұмыссыз жүрген ЖОО-лар жабылады

1756

Енді мемлекет биыл оқуға түскендер саны мен төрт жылдан кейін бітіргендер санын бақылауда ұстайды

Түлектері жұмыссыз жүрген ЖОО-лар жабылады

Қазақстандағы жоғары оқу орындарында жаңа білім беру технологиясы енгізілмек. Оның аясында жоғары оқу орнын бітірген  студенттер төрт жыл емес, 2,5-3 жыл оқитын болады. Бұл туралы саяси ғылымдар докторы Шәріпбек Әмірбеков президент Жолдауын түсіндіру кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Достық үйінде өткен Елбасы Жолдауын талқылау күнінде басты мәселелердің бірі - білім беру сапасы екенін атап өтті.

"Осы жылдар ішінде көптеген оқу орындарын жабу мәселесі белгілі бір себептерге байланысты шешімін тапқан жоқ. Білім беру секторларын бизнес сияқты тиісуге болмайды деп есептелінеді, бірақ білім беру сапасы ұлттық қауіпсіздік саналады. Қазақстанда 800 колледж бар, олардың барлығы кредиттік білім беру технологиясына өтуге тиіс. Түлектер оқу орындарын тәмамадағаннан кейін жоғары оқуы орындарына түсіп, 4 жыл емес, 2,5-3 жыл оқи алады. Ең бастысы - жоғары оқу орнын бітірген түлектерді жұмысқа орналастыру. Президент бұл туралы бірнеше рет айтты. Үкіметтің қаулысына сәйкес, егер жоғары білім ошақтарын бітірген түлектер жұмысқа орналаса алмаса, бұл мамандықтар мен оқу орындары жабыла бастайды", - деді Шәріпбек Әмірбеков.

Оның айтуынша, көптеген жеке оқу орындары табысқа байланысты студенттер тартуға мүдделі. Енді мемлекет биыл оқуға түскендер саны мен төрт жылдан кейін бітіргендер санын бақылауда ұстайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу