Түлкібас ауданында полиция қызметкерлері жаппай тәртіптік жазаға тартылды

292

Олардың арасында басшылық құрам өкілдері де бар, ал кейбірі қызметінен босатылған. 

Түлкібас ауданында полиция қызметкерлері жаппай тәртіптік жазаға тартылды Фото: otyrar.kz

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің және Түркістан облыстық Полиция департаментінің 28 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бірқатары қатаң сөгіс алған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл жағдайға қатысты Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдіріп, ҚР Ішкі істер министрлігі мен департамент басшылығының нұсқауына сәйкес қызметтік тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

– Қызметтік тәртіпті бұзу және жұмысындағы елеулі кемшіліктер үшін бірнеше қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Заң бұзушылықтың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту бағытында жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді, – делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу