Түлкібас ауданында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті

187

Оtyrar.kz-тің хабарлауынша, оқиға куәгерлері бес жүк пойызының рельстен шығып кеткенін түсірген видеоны жіберген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Түлкібас ауданында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті Фото: railways.kz

"Түлкібас ауданындағы "Қарақшы" учаскесінде жүк пойызы рельстен шығып кетті. Апат салдарынан 4-5 вагон аударылды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр.

Кейін ҚТЖ баспасөз қызметі Шымкент стансасынан қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары жіберілгенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу