ОҚО Түлкібас ауданында биылғы жылы алма бау қосымша жаңа 165 гектар жерге егіледі, деп хабарлайды otyrar.kz.
Оның 120 гектары қарқынды бау болмақ. Осылайша, ауданда жалпы бау көлемі 2 мың гектарға жеткізіліп, оның ішінде қарқынды бау 400 гектар шамасында болады деп жоспарлануда.
Алма бау шаруашылығын дамыту мақсатында облыс әкімдігі мен ауыл шаруашылық басқармасы және аудан әкімдігі тарапынан үш жақты келісім түзілды. Келісім бойынша 2025 жылға дейін алма бау көлемін 3210 га жеткізу көзделсе, қарқынды бау көлемін 1170 га жеткізу жоспарлануда.
Жалпы ауданда бау шаруашылығымен айналысатын 5 серіктестік пен 22 шаруа қожалық бар. "Көктал" шаруа қожалығы мен "Кентау" ЖШС-і биыл Ресей еліне экологиялық таза 600 тонна Түлкібас алмасын экспорттауды жоспарлап отыр.