Тау бөктерінде орын тепкен Түлкібас ауданы, Керейт ауылында отбасылық демалыс орталығы ашылды, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Тамаша табиғат аясындағы орталық бір мезетте 1000 адамды қабылдауға арналған. Демалыс аумағында балалар демалыс орталығы, бассейн, қонақ үй, мейрамхана мен тапшандар орналасқан. 35 адам жаңа жұмыспен қамтылып отырған орталықтың құрылыс жұмыстарына 2 млрд теңге қаржы жұмсаған.
Демалыс орталығының ашылуына аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен, орталықтың директоры А.Красненков сөз сөйлеп, аудан аумағында туризм кластерін дамыту мақсатында құрылған нысанның ашылуымен құттықтады.
Нысанның ашылуына еліміздің өнер жұлдыздары өнер керсетіп, кеш соңы мерекелік от шашумен ақталды.
Осылайша, таза ауасының өзі жанға шипа Түлкібас өңірінде жыл сайын сауықтыру мен демалыс орталықтары ашылып, келуші саяхатшылар саны артуда.