Түлкібаста қызғалдақтар фестивалі басталды

1923

Қызғалдақтар жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейді.

Түлкібаста қызғалдақтар фестивалі басталды

Қаратау мен Алатаудың түйіскен тұсында орналасқан Шұбайқызыл шоқысында жылдағы дәстүрге сай "Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл-жалауы!" аты қызғалдақтар фестивалі басталды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Фестиваль аясында "Шұрайлым, Шұбайқызылым" атты жас қаламгерлер мен композиторлардың байқауы жаңа форматта өткізілді. Шара барысында  аталмыш байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Сондай-ақ, фестивальде "Ұлы дала ұраны – Қызғалдақ фестивалі"  табиғатты қорғаушылар шеруі өтіп, "Табиғат сақшылары" атты облыс аймағындағы мемлекеттік қорықтардың көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жиналған жұрт "Қызғалдақ сарайы" облыстық суретшілер көрмесін тамашалап, шара "Шұбайқызыл" шоқысына жалпыхалықтық саяхатқа ұласты.

Айта кетсек, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Шұбайқызыл шоқысы – еліміздің "Қызыл кітабына" енгізілген Грейг қызғалдағы ең көп өсетін аумақ. Бұл қызғалдақтар Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек өңірлеріндегі таулы аумақтарда кездеседі. Жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу