Түлкібаста үйінде есірткі өсіріп, сақтаған тұрғын анықталды

392

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 

Түлкібаста үйінде есірткі өсіріп, сақтаған тұрғын анықталды Фото: polisia.kz

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі үйінде құрамында есірткісі бар өсімдік егіп, сақтауы мүмкін деген хабарлама келіп түсті.  

Күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтап, оның тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті ер адамның ауласынан егілген 79 түп есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ жүк көлігінің салонынан бес газетке оралған есірткіге ұқсас зат, ал сарайынан төрт орама, аулада тұрған диванға жасырылған бір есірткі орамасы алынды. 

Тағайындалған сараптаманың қорытындысы бойынша егістіктен алынған өсімдік сора, сонымен қатар орамадағы есірткілер 500 грамға жуық марихуана болып шықты.   

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеуге алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу