Түлкібастықтар "апорт" жинап жатыр

1402

Ауданда "Апорттан"  бөлек, алманың "голден делишес - золотой превосход" және "айдерет" атты сұрыптары да өсіріледі.

Түлкібастықтар "апорт"  жинап жатыр

Түлкібастық шаруалар әзірге 5 мың тонна "апорт" алмасын жинады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Түлкібастық бағбандар жыл соңына дейін 6 мың тонна "апорт" теріп, межені былтырғыдан 2 мың тоннаға артық алуды болжап отыр. Олар өнімін бүгінде Алматы, Астана, Қарағанды қалалары мен өзге де облыс, қалаларға жөнелтуде. "Апорттың" алма бауларынан босатылу бағасы келісіне 250 теңгенің көлемінде. 

Жалпы, аудан аумағында 75 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші агроқұрылым алма бауын өсірумен айналысады. Олардың дені, "апорт" алмасынан бөлек, алманың "голден делишес - золотой превосход" және "айдерет" атты сұрыптарын өсіреді. Бүгінге дейін "голден делишес - золотой превосход" алмасынан 4,6 мың тонна терілсе, "айдереттен" 5,4 мың тонна жиналып отыр.  

2017 жылы аталған алма түрлерінің жалпы көлемі 23 мың тоннаны құраса, биылғы түсім мұнан да көп болмақ. Бау-бақша баптаушылар биыл ауа райының қолайлы болуынан, 28 мың тоннадан астам жеміс теруді болжап отыр.

Айта кетейік, Түлкібас ауданында 3 мың гектардан астам алма бау алқабы болса, соның 2200 гектары 2007 жылдан бері отырғызылып келе жатқан жас баулар. Аудан бойынша барлық сиымдылығы 12500 тоннаны құрайтың 7 көкөніс, жеміс-жидек сақтайтың қоймалар жұмыс  жасайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу