Түркістан облысы Түлкібас ауданында жаздық алманы жинау науқаны жүріп жатыр. Шаруалар бүгінге дейін 535 тонна өнім жинап үлгерген, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ал қыркүйекте түлкібастықтар күздік алмасын жинауға кіріседі.
Жалпы биыл мамандардың пайымдауынша 30 мың тонна алма теріліп, рекордтық көрсеткіш орындалады. Былтырғы жылы ауа райының қолайсыз болуына байланысты өнім көлемі 20 мың тоннаны құраған еді.
Ауданның 2020-2025 жылдарға арналған даму концепциясы бойынша Түлкібастың бренді– алманың өнімділігін арттыру көзделіп отыр. Осыған байланысты алма бау көлемін 760 гектарға ұлғайтып, жалпы көлемін 3355 гектарға жеткізу жоспарланған. Бұл бағытта жүйелі шаралар іске асуда. Мәселен, жыл соңына дейін жоспарға сай 100 гектар жерге алма көшеті отырғызылуы керек болса, бүгінде соның 75 гектары игеріліп отыр.