Түлкібастың орталық ауруханасы 10 жаңа оттегі концентраторымен толықты

1070

Аудан еріктілері тарапынан медицина саласының қызметкерлеріне түскі астар ұйымдастырылып келеді.

Түлкібастың орталық ауруханасы 10 жаңа оттегі концентраторымен толықты

Түлкібас ауданының орталық ауруханасына жомарт жандардың демеушілігімен 10 дана оттегі концентраторы табысталды. Бұл жолы игі іске ықпал болған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кетерлігі, бұған дейін аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен түлкібастық еріктілер тарапынан орталық ауруханаға 360 дана арнайы медициналық киім, 210 оттегі балоны, 2 дана оттегі концентраторы табысталған болатын. Сондай-ақ, аудан еріктілері тарапынан медицина саласының қызметкерлеріне түскі астар ұйымдастырылып келеді.

Қазіргі таңда аудандық ауруханада жалпы 13 оттегі концентраторы бар. Бұдан бөлек, бір мезетте 55 науқас оттегімен дем ала алатын нүктелер орнатылған.

Түлкібас ауданында пандемия басталғалы қауіпті дертті жұқтырғын 72 адам тіркелсе, бүгінде соның 57-і айығып шыққан, 12 науқас ем қабылдауда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу