"Тұлпар Тальго" зауыты құрастырған 25 жаңа вагон пайдалануға берілді

1548

Бұл вагондар № 377/378 "Алматы-Маңғыстау" бағыты бойынша тұрақты түрде қатынайтын пойыздардың құрамына тіркеледі. 

"Тұлпар Тальго" зауыты құрастырған 25 жаңа вагон пайдалануға берілді

Ұлттық тасымалдаушы ресей технологиясына сай отандық "Тұлпар Тальго" зауытында  құрастырылған жаңа 25 вагонды пайдалануға берді.

Бұл вагондар № 377/378 "Алматы-Маңғыстау" бағыты бойынша тұрақты түрде қатынайтын пойыздардың құрамына тіркеледі. Плацкарт вагондары 54 орынға есептелген. Қызмет ету уақыты – 40 жыл. Жолдағы максималды жылдамдығы – 160 км/сағ.

"Вагон ішінде кондиционер жүйесі, өртке қарсы жүйе және су қоры, екі биотуалет, видео бақылау  жүйелері орнатылған. Әр вагонда 6 видеокамера орналасқан. Олар таспаны түрлі-түсті және ақ-қара режимінде түсіреді. Барлық бейне штабтық  вагондағы пойыз басшысының қадағалауында болады. Әр купеде және коридорда екі 220В қуат беретін розеткамен және ұялы телефонды қуаттандыруға арналған екі USB-портпен қамтылған. Әр вагонда жолсерікке арналған тоңазытқыш пен микротолқынды пеш, ауыз су диспенсері мен ыстық суымен титан орнатылған",– делінген "Жолаушылар тасымалы" таратқан хабарламада.

"Жылдың соңына дейін тағы 38 жаңа вагон сапарға шығады. Әр жыл сайын біз өзіміздің вагон паркімізді жаңа 100 вагонмен толықтырып отырамыз", – деді компания басшысы Арман Сұлтанов.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу