Тұман басып, бұрқасын болады – Қазгидромет 15 өңірге ескерту жасады

185

Жолаушыларға жолға шығарда абай болуды ескертеміз.

Тұман басып, бұрқасын болады – Қазгидромет 15 өңірге ескерту жасады Фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" 23 ақпанда күн райының нашарлауына байланыста бірқатар облыста дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

23 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында кей уақыттарда тұман, түнде көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысында түнде қар, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, түнде облысытың оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе қаласында 23 ақпанда қар, түнде қалың қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с барады.

Батыс Қазақстан облысында түнде қар, облыстың солтүстігінде қатты қар, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

23 ақпанда Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 17-22 м/с жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 23 ақпанда таңертең және күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солүстігінде екпіні 15-20 м/с.

23 ақпанда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с. Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысының батысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-18 м/с. Қарағанды қаласында күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Түнде Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында жауын-шашын, облыстың шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Жезқазған қаласында 23 ақпанда түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жаяу бұрқасын.

23 ақпанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Ақтау қаласында жолдарда көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавл қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу