Тұман, бұрқасын, көктайғақ: 22 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

166

 Республика бойынша тұман, оңтүстік-шығыста, орталықта – көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын күтіледі. 

Тұман, бұрқасын, көктайғақ: 22 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды Фото: Мой Город

Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 22 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның солтүстігінде, шығысында қар күтіледі, шығысында жекелеген аудандарда қалың қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу