Тұман, қар аралас жаңбыр: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

380

Синоптиктер 5-7 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тұман, қар аралас жаңбыр: Алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото: inbusiness.kz

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы салқындап, жаңбыр жауып, найзағай ұрады және екпінді жел болады. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да жауын жауып, 5 қыркүйекте - жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын болады.

"Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта 2-10 жылу шегінде болып, ал күндіз ауа температурасы 10-20 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу