Астанада тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанады.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігін тұман басады.
Күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың шығысында, орталығында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, үсік жүреді, сынап бағаны -1 градус суықты көрсетеді. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады. Күндіз шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп болжанады.
Жетісу облысының Алакөл ауданында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың басым бөлігінде сынап бағаны -2-7 градусқа дейін төмендеп, күн суық болады. Талдықорғанда түнде -3-5С°аяз болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп болжанады. облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Атырау облысының батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының орталығында, солтүстігінде тұман болады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың таулы аудандарында, солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.