Тұман, көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады

500

Синоптиктер 11-13 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Тұман, көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады Фото: SN.kz

Атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - 11 сәуірде, 12 сәуірде түнде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Республиканың солтүстік жартысында Скандинавия аймақтарынан солтүстік-батыс антициклонның кіруі әсерінен ауа температурасы түнде 5-10 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі.

"Алайда, күндіз ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі, 13 сәуірде термометрлер республиканың солтүстік жартысында 10-18 градусқа, оңтүстікте 17-30 градусқа дейін жетеді. Республикада тұман, жел күшейеді, оңтүстік облыстарда құмды дауыл соғып, найзағай ойнайды, солтүстік жартысында көктайғақ болады", делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу