Тұман, көктайғақ: Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

173

Шымкентте түнде және таңертең тұман болады деп болжанды. 

Тұман, көктайғақ: Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2 желтоқсанда Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында көктайғақ болады деп болжанып отыр. Түнде және таңертең облыстың батысына, солтүстігіне тұман түседі. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 02-03 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. 02 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысындағы жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, түнде және таңертен орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. 

Түркістан облысының батысына, таулы және тау бөктерлі аудандарына тұман түседі. 

Ақмола облысының батысында, шығысында тұман күтіледі. 

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстігіне тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігіндегі желдің екпіні - 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу