Тұман мен жаңбырда адасқан ағалы-қарындасты құтқарушылар тапты

257

Медициналық тексеруден өткен туристерге көмек қажет болмады.  

Тұман мен жаңбырда адасқан ағалы-қарындасты құтқарушылар тапты Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысының Қарасай ауданында Үлкен Алматы шыңы маңында екі турист таудан түсу кезінде адасып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ағалы-қарындасты туристерге қолайсыз ауа райы кедергі болған. Қатты жаңбыр жауып, қою тұман түсуіне байланысты олар бағыт-бағдарын анықтай алмай, құтқарушылардан көмек сұраған.

ТЖМ Республикалық "Барыс" құтқару қызметінің мамандары туристерді тауып, қауіпсіз бағытпен көлікке дейін алып түсті. Кейін олар қалаға жеткізілді.

Туристерді Апаттар медицина орталығының бригадасы тексерді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу