Тұман, найзағай, жаңбыр: Бүгін ауа райы қандай болады?

418

 Қазгидромет 14 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тұман, найзағай, жаңбыр: Бүгін ауа райы қандай болады? Фото: inbusiness.kz

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен бұрқасын түріндегі қатты жауын-шашын және бұршақ жаууы мүмкін. Екпінді жел соғуы ықтимал. Еліміздің солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Атырау, Маңғыстаудың басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 38°С-қа дейін қатты ыстық сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, оңтүстігінде, Ақтөбенің орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Қарағандының орталығында, солтүстікте, Алматы қаласының орталығында, солтүстікте, батыста, оңтүстікте, Түркістанның шөлейтті аймақтарында, батысында, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстанның басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу