Тұман түсіп, көктайғақ болады: 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

267

Қазгидромет 29 желтоқсанда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тұман түсіп, көктайғақ болады: 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы Фото: 86.mchs.gov.ru

Күндіз Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні – 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында тұман түседі.

Алматы облысының батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с болады. Қонаев қ.аласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақтау қаласында көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында күші – 15-20 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда 29 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Атырау қаласында түнде көктайғақ болады.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі. Оралда көктайғақ, тұман болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу