Тұман түсіп, күн суытады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

632

Болжам бойынша, еліміздің бірқатар аймақтарында тұман түсіп, күн суытады.  

Тұман түсіп, күн суытады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы Фото: turkystan.kz

"Қазгидромет" РМК 15-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігінде негізінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік облыстарында ауа температурасы түнде -23, -28°С-қа дейін төмендейді.

"Тек орталықта, оңтүстік-батыста, 17 желтоқсанда республиканың шығысында қар жауып, аздаған бұрқасын болады. Қазақстанның оңтүстік облыстарын тұман түседі", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу