Тұман, үсік, аяз: Елімізде күн райы қандай болады?

112

Қазгидромет 24 қыркүйектегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тұман, үсік, аяз: Елімізде күн райы қандай болады? Фото: freepik

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. 25 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. 24-25 қыркүйекте солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. 24-25 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.

Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу