Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық фронталды бөліктер әсерінен республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады. Кейбір аймақта жаңбыр мен қар жауады.
Республика бойынша жел күшейеді. Еліміздің батысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі. Ал шығыс, солтүстік-шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында 1 градус үсік жүреді.
Астана қаласында күндіз ауа температурасы +3+5°С көрсетеді. Ал желдің жылдамдығы 9-14м/с.
Алматы қаласында термометр +20+22 градусты көрсетсе, Шымкент пен Қызылордада +21+23°С болады. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с.
Павлодарда -2 градус, Қостанайда +5+7°С жылы.