"Тұмар" мен "Үркерге" өтінім беру мерзімі ұзартылды

262

​Qazaqstan Media Awards аясында ұйымдастырылып жатқан "Тұмар" және "Үркер" ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Тұмар" мен "Үркерге" өтінім беру мерзімі ұзартылды Фото: baq.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, құжаттар 6 қазанға дейін қабылданады. Байқауға қатысуға өтінімді QMA.kz ресми сайты арқылы жолдауға болады.

Сыйлыққа 2025 жылғы 18 қыркүйек пен 2026 жылғы 18 қыркүйек аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады. Байқауға қазақстандық журналистер, тележүргізушілер, медиажоба авторлары, редакциялар мен шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

Биыл байқау бағдарламасына жаңа номинация қосылды. Алғаш рет жасанды интеллект саласындағы үздік жоба "Журналистиканың болашағы" номинациясы бойынша бағаланады.

Сонымен қатар телевизиялық журналистика бағытында үздік тележүргізуші, телевизиялық материал, телесериал, ақпараттық-талдамалық бағдарлама, деректі жоба және қоғамдық жауапкершілік саласындағы жоба марапатталады.

Баспа, интернет және радио журналистикасы бойынша жылдың үздік журналисі мен материалы, үздік талдамалық материал, медиажоба және радиожоба анықталады.

Жеңімпаздарды журналистер, медиа саласының тәжірибелі мамандары мен сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы анықтайды.

2026 жылы "Тұмар" мен "Үркер" ұлттық сыйлықтарының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Биыл мерейтойлық сыйлықтар алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында табысталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу