Тұмауға қарсы 2,2 млн вакцина сатып алынды

863

Еліміздің 1 млн азаматына тегін дәрі беріледі.  

Тұмауға қарсы 2,2 млн вакцина сатып алынды

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың алдын алу үшін қабылданып жатқан шұғыл шаралар жайлы мәлімдеме жасады. 

"Коронавирус инфекциясының қайтадан өршіп кетуіне жол бермеу үшін біріншіден, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ісіне басымдық берілді. Аймақтар дәрі-дәрмектің 91 түрі бойынша құны 14 миллиард теңгелік қосымша заттарға өтініш берді. Коронавирус бойынша дәрі-дәрмек қоры жиналды. Жоғарыда көрсетілген сомаға алынған дәрі-дәрмек аймақтарға жеткізілді. Аймақтарда қажетті дәрі-дәрмек бойынша құны 13 млрд теңге болатын қосымша тұрақтандыру қорлары құрылды", – деді Алексей Цой.

Министрдің сөзінше, коронавирустан үйде емделетін 1 млн адамға жыл соңына дейін тегін дәрі беріледі. 

"Тұмауға қарсы 2,2 млн вакцина сатып алынды. Екпе жұмыстары 15 қыркүйекте басталады", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу