Тұмауға қарсы егу 1 қазаннан басталады

803

 Тұмауға қарсы егу 1 қазаннан басталады

Күзде тұмаудың өршіп кететіні жалпыға аян. Әсіресе балалар мен иммунитеті төмен ересектер бұл сырқатқа әп-сәтте душар болады. Сондықтан тұмауға қарсы екпе Қазақстан бойынша 1 қазаннан басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінінен хабарланды, деп жазады khabar.kz.

Айтуларынша, тегін вакцина алатындардың санаты жасақталған. Тұмауға қарсы екпе қажетті көлемде сатып алынды.

"Биыл тұмауға қарсы вакцинация жүргізу үшін Ресей Федерациясында өндірілген "Грипол" атты вакцина сатып алдық. Мемлекеттік медициналық емханаларда балалар, медициналық қызметкерлер, диспансерлік есепте тұратын балалар мен жүкті әйелдер мемлекеттік ақшаға екпе алуына болады", - ҚР денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті басқармасының жетекшісі Роза Көжапарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу