Тұмауға қарсы егу шаралары 1 қазанда басталады

2089

Иммундау науқаны тұмаумен қоса, жіті респираторлық вирустық инфекциялардан қорғау мақсатында жүргізіледі.

Тұмауға қарсы егу шаралары 1 қазанда басталады

Оған бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Биыл Ресейдің "Гриппол" вакцинасы салынады. Қазір оның 1,5 млн дозасы жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz.

Одан өзге елімізде тұмауға қарсы тағы 4 түрлі вакцина тіркелген. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин хабарлады. Оның айтуынша, былтырғы маусымда тұмаумен 2 мыңнан аса адам ауырып, біреуі қайтыс болған. Әлем бойынша жыл сайын 500 мыңнан аса адам көз жұмады екен. Еліміздің бас санитар дәрігері суық тигенде өздігінен антибиотиктерді қолданбауға шақырды. Ауырған жағдайда міндетті түрде дәрігерге көрінуге кеңес берді. Бүгін Бекшиннің өзі де вакцина салдыртты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу