Түмен қаласында Тайбұға ханға ескерткіш орнатылуы мүмкін

1154

Елордада "Ұлы даланың жеті қыры: Сібір ұлысы және Тайбұға Қазақстан тарихында" атты ғылыми-практикалық конференция басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Түмен қаласында Тайбұға ханға ескерткіш орнатылуы мүмкін

Іс-шараны "Алтын орда" халықаралық бизнес-клубы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті және "Тұғырылхан - Оң хан" корпортивтік қоры ұйымдастырды.

"Тұғырылхан - Оң хан" корпортивтік қорының төрағасы Асылхан Игібаев конференция мақсатын түсіндірді.

"Тайбұға хан Сібір хандығының негізін қалаған. Сібір хандығының жері Зайсаннан бастап Сарыарқа мен Ресейдің Түмен қалаларына дейінгі аумақты алып жатқан. Тайбұғадан кейін де 14 хан болған. Біз осы хандарды тарихқа енгізуіміз керек. 
Өздеріңізге мәлім, кеңес одағы кезінде қазақтың өткенін ұмыттыру саясаты жүрді. Қазіргі кезде қазақта мемлекет болмаған деген әралуан сөздер соның салдарынан айтылып қалып жатыр. Жер-жердегі азаматтарымыз атқа мініп, ту алып челлендж өткізді. Ал ғалымдар тарихи деректермен айғақтауды мақсат тұттық. Сол мақсатта Мәскеуге ТМД басшылығымен барып сөйлесіп, Тайбұға ханға ескерткіш орнату туралы ұсынысымызды айттық. Ол кісілер келісті. Енді желтоқсанда Ресейге барамыз, ТМД және Ресейдің қоғамдық бірлестіктерімен меморандумға отырмақпыз", – деді Асылхан Игібаев.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу